Бұл туралы «Отандастар» қорының президенті Нұртай Әбіқаевтың Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Бақыт Сұлтановпен кездесуі кезінде сөз болды. Тараптар атамекенге қоныс аударған этникалық қазақтарды қолдау бағытында бірлесіп жұмыс атқаруға уағдаласып, меморандумға қол қойды. Қор қандастарды қолдау үшін білім, спорт, мәдениет, ана тілін үйрету, бизнес бастамалар секілді сан салада көмек көрсетпек. Әрі олардың жеке құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғау да - қор қызметінің бір парасы.
Ғабит БӨКЕНБАЙ