Ардагерлер кеңесі Елбасының әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлер кеңесі Елбасының әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіруде

29.03.2019

Ақмола облысының Ардагерлер кеңесі Елбасының әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіріп, оның жүзеге асырылуын бақылауға атсалысуда. Өңірдегі зиялы қауым өкілдері де Тұңғыш Президент жариялаған жаңа әлеуметтік саясаттың әрбір бағытын бұқарамен бірге талқылауда. Халықтың табысын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін жасалып жатқан шаралардың өміршеңдігін атап өтті.

Айта кетейік, «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүр. Кешелі бері жергілікті халықпен кездесіп, азаматтардың сұрақтарына жауап беруде. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды аралап, хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан жасалатын көмек түрлерін түсіндіріп жатыр. Азаматтарды жекелеген мәселелері бойынша қабылдауда. Әрбір адамның сұрағы бойынша жергілікті жердегі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілуде.

Мейрамбек Қиықов, қоғамдық бірлестік төрағасы:

- 28 жылдың ішінде елімізде ғасырға бергісіз оң өзгерістер болды. Өз еліміздің ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде болсын, саяси-экономикалық, мәдениет, қай жағынан болсын алға басушылық бар. Осыны тоқтатпай әрі қарай жалғастырып, жетілдіріп, әлемнің 30 еліне қосыламыз деген Елбасының ұстанымдарын, шешімдерін әрі қарай жалғастырсақ, біз ешқандай елден кем болмаймыз дегенге сенім мол.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу