Елімізде еңбек даулары артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде еңбек даулары артқан

28.03.2019

Елімізде Заңмен бекітілген ережелерге қарамастан жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек дауларын жиі кездеседі.  2019 жылдың 1 қаңтарындағы 139 кәсіпорын  6 мың 200 жұмыскердің алдында 1 млрд 940 млн теңге жалақы қарыз.

Осындай мәліметтерді келтірген Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров  Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың атына сауал жолдады. Еңбек дауларына қатысты сот істері де артқан.

Мәселен, 2017 жылы соттарда еңбекке ақы төлеу талаптарын бұзылуына қатысты 1 783 әкімшілік іс, ал 2018 жылы 1939 іс қаралған. 

Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мұның сыртында, әсіресе бүгінде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін жұмысшылар да кезінде  шартқа отырмағандықтан жалақыларын уақытылы немесе мүлде ала алмай, ал кейбір жағдайларда жалақының орнына ауыл шаруашылығы өнімдерін алу фактілері де кездеседі.

Ал мұның салдары жұмысшы күшінің жетіспеушілігін туғызып, маман кадрлардың тұрақтамауына әкеліп соқтыруда. Бұл мәселені шешу Үкімет тарапынан тікелей араласуды қажет етеді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу