Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін бас қалаға беру – елдің бейбітшіл ұстанымын айшықтай түсті. Өйткені, ұлт көшбасшысы өзіне жүктелген тарихи миссияны қалтқысыз атқарып, Қазақстан тәуелсіздігін алды. Туын тігіп, іргесін бекітті. Осындай пікірдіеліміздің өңірлерінде түрлі салада қызмет етіп жүрген азаматтар білдіріп жатыр.
Алмат Досмұхамедов, «Nur Otan» партиясы ҚОФ төрағасының орынбасары:
Бұл ЭКСПО, Универсиада, Азиада ойындары. Нұрсұлтан Әбішұлының тұсында ЕҚЫҰ-на төрағалық еттік, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болдық. Сондықтан мен Астана қаласының Тұңғыш Президент есімін иеленуі заңды құбылыс деп есептеймін.
Марат Себасов, «Болашақ» бағдарламасының түлегі:
Көптеген жастарға заманның қиын кезеңіне қарамастан мынау экономикалық дағдарыстарға қарамастан, осы бағдарламаны басынан аяғына дейін жеткізіп, мен сияқты көптеген мыңдаған жастарға білім алуға мүмкіндік туғызған Елбасы үшін біздер жастар, ол кісінің алдында қарыздармыз. Ол кісінің бізге жасаған жақсылығы ұшан теңіз. Сол себепте, жастар атынан біз елбасының өзінің баласы іспеттес Астана қаласын ол кісінің атымен атау жақсы шешім.
Орхан Салахов, әзірбайжан этно-мәдени орталығының өкілі:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы қазақ халқы үшін көп нәрсе істеді. Сол үшін біздің Астананың атын ауыстырып Нұрсұлтан қойғанына өте қуаныштымыз. Біздер әзербайжандар. Енді Қазақстанда көп халық тұрады гой. Біздің осы жерде тыныш тұрғанымызға, рахат тұрғанымызға Нұрсұлтан Әбішұлына рахмет айтуымыз керек.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ