Петропавлда күн күрт жылынып, тұрғындарды біраз әбігерге салды. «Қаланың асфальт төселмеген шеткері аумақтарында ми батпақтан аяқ алып жүру мүмкін емес», дейді тұрғындар. Көлік қатынасы қиындады. Коммуналдық қызмет мамандары үйлерге су кірмес үшін суағарлар мен арықтарды жедел тазалауға кірісті.
Павел Булаев, қалалық Су тазарту, тарту және өткізу кәсіпорнының директоры:
Қазір қала бойынша 6 бригада жұмыс істеп жатыр. 11 техникамыз бар. Тәулігіне шамамен 300-ден астам өтініш түседі. Бүгінгі күнге қаладан 1200 текше су шығарылды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ