Ел тұрғындары елорданың атауына қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел тұрғындары елорданың атауына қатысты пікір білдірді

27.03.2019

Қазақстан өңірлерінде әртүрлі салада қызмет етіп жүрген білікті мамандар елорданың Нұр-Сұлтан болып өзгертілуі оң шешім деп санайды. Қазақстан егеменді ел болып қалыптасып, бүгінгі деңгейге жетуі Елбасымен тікелей байланысты деп есептейді. Бар күш-жігерін туған жеріне, халқына арнаған тұлға есімін бас қалаға беру дұрыс шешім екенін айтып, бұл қадамға толық қолдау білдіріп отыр.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

- Біз барлығымыз елорданың жылдам салынып, сәні мен сәулеті жарасқан бас қалаға айналғанына куә болдық. Бізге әлемнің басқа елінен спортшылар келгенде осыған қатты таң қалады. Қазақ елінің бас шаһары неткен ғажайып деп маған көп достарым айтты. Астана атауы Нұрұлтан деп өзгертілген соң, елордамыздың атақ-даңқы одан ары асқақтайды деп сенемін.

Ортай Жеңсікбай, спорт ардагері:

- Қазақ деп туған ер екен. Қазаққа бүкіл жақсылықты жасады. Астананы сол кісінің атына берді. Оған ризамыз.

Роза Өтеғұлова, дәрігер:

Әрбір қазақ халқы үйіне келген қонаққа да кетер кезінде қонағасы беріп, атын беріп, биесін беріп келген сондай дархан халықпыз. Неге енді 30 жыл қазақ еліне еңбек еткен осындай көшбасшымызға, Елбасына, қазақ азаматына Астананың атын бермеске.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу