Жамбыл облысындағы қатаң режимдегі түзеу мекемесінде «Ұлы дала үміті» атты өндірістік тауарлар көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы қатаң режимдегі түзеу мекемесінде «Ұлы дала үміті» атты өндірістік тауарлар көрмесі өтті

27.03.2019

Қайырымдылық шарада жазасын өтеушілер қолдан жасаған бұйымдарын қарттар мен балалар үйіне тарту етті. Көрмеге бас-аяғы 100-ден астам экспонат қойылды. Домбыра, үй жиһаздары, шахмат тақтасы, мен ағаштан ойып жасалған түрлі бұйымдар бар. Олардың барлығы қайырымдылыққа жолданып отыр.

Қазір түзету мекемесінде 650 адам жазасын өтеуде. Олардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған.

Мейірғали Рақышев, ЖД-158/7 мекемесі басшысының міндетін атқарушы:

- Біздің мекемеде орналасқан 14 жеке кәсіпкерде бүгінгі таңға 400-ге жуық сотталған азаматтар жұмыспен қамтылды. Ол өз кезегінде сотталғандардың түзелуіне оң ықпалын тигізуде.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу