Отандық автоөндіріс саласы дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық автоөндіріс саласы дамып келеді

27.03.2019

Былтыр Қазақстанда сатылған жаңа автокөліктердің жартысынан астамы - шетелдік автокөліктер. Ал, отандық автокөліктердің үлесі әзірге тек 49 пайызға жеткен. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан автокөлік форумында айтылды. Дегенмен, сала мамандары отандық автоөндіріс соңғы жылдары қарқын алды дегенді айтты.

Қазір елдегі автопарк жаңара бастаған. Екі жылда утилизация бағдарламасы бойынша 90 мың ескі-құсқы автокөлік қабылданған. Форумға жиналған мамандар саланың осы және өзге де үрдістерін талқылап, алыс-жақын шетелдердің автокөлік бөлшектерін шығарушы компанияларының көрмесін ұйымдастырды.

Олег Мосеев, РФ автокөлік дилерлері қауымдастығының президенті:

- Қазір Ресейден Қазақстанға жылына 50 мыңдай жаңа автокөлік кіреді. Ал, Қазақстаннан Ресейге экспортталатын автокөліктің үлесі тым аз. Екі ел бұл мәселені талқылап жатыр. Болашақта Қазақстаннан Ресейге сатылатын көлік санын 30 мыңға жеткізу жоспары бар.

Хабарламаларға жазылу