Қостанай облысында су тасқынына дайындық күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында су тасқынына дайындық күшейді

27.03.2019

Алқаптардағы қар күрт ерісе, облыстағы 39 елді мекенді су басуы ықтимал. Қазір сол аймақтарда бақылау бекеттері ашылған. Ондағы мамандар күн сайын қардың, судың денгейін бақылап, өлшеп отыр.

Биыл өзен арналарын құрсаған мұзды бұзуға қажет жарылғыш зат жылдағыдан екі есе көп бөлінді. Мақсат – тасқын судың жолын кедергілерден тазарту. Қазір облыс аумағында бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу