Қарағанды облысында жолдарды су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жолдарды су шайып кетті

27.03.2019

Қарқаралы ауданының Мәди ауылдық округіне қарасты Айрық-Тәттімбет бағытындағы жолдың 10 метрдей жері бүлінген. Бірақ айтарлықтай қауіп жоқ.

Бұған қоса, республикалық Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолының 140-шы шақырымының 70 метр аумағын су басқан. Тереңдігі 10 сантиметрден аспайды.

Ал, кеше Жаңаарқа ауданына қарасты Жәйрем-Қаражал-Атасу республикалық маңыздағы күрежолды су шайғаны туралы хабар түсті. «Қазір бұл аумақтардың барлығы жергілікті билік пен төтенше жағдай қызметінің жіті бақылауында. Жағдай қалыпты»,-дейді мамандар.

Мұрат Қатпанов, ТЖД басшысының орынбасары:

- Қазіргі кезде қатты қауіп төніп тұр деп біз ойламаймыз. Өйткені «Қазгидрометтен» күнделікті мәліметті алып отырамыз. Өзіміз де тікұшақпен жағдайды бақылаудамыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу