Қарағанды облсында су қоймалары мен өзендер бақылауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облсында су қоймалары мен өзендер бақылауға алынды

26.03.2019

Қарағанды облсының әкімі Ерлан Қошанов төтенше жағдайға жауапты мамандарға кабинеттен шығып, өзендердің негізгі арналарын ғана емес, оған құятын сағаларды тексеріп, қар мөлшерін анықтауды тапсырды.

Самарқанд су қоймасына барған облыс әкіміне «Қазсушаруашылығы» мекемесінің өңірдегі директоры гидробекеттер өзендердің негізгі арналарын ғана өлшейтінін айтты. Алайда, облыс басшысы жағдайды толық бақылауға алуды міндеттеді.

Қазір аймақта қар жамылғысы 40 пайызға азайды. Осакаров және Нұра аудандарында 60% қар қалды. Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарындағы төрт өзеннің бойында сеңді бұзу үшін мұз жарылды. Осы аптада да  жұмыстар жалғасады. Мамандардың айтуынша  су ағыны секундына 30 текше метрден жоғары. Алдағы екі-үш күнде ағыс тіптен күшеймек. Жағаға жақын орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін қатаң бақылауда.

Ибрагим Күлшімбаев, ТЖД басшысы:

Жұмыстардың барлығы атқарылып жатыр. Аавтомобиль жолдары су өткізу құбырларының барлығы 100 пайыз тазаланды. Үлкен су қоймалардан су жіберу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні Самарқанд су қоймасынан секундына 35 текше, Шерубай-Нұрадан 14 текше су шығып жатыр.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу