Тұңғыш Президенттің тұсындағы келелі келіссөздер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президенттің тұсындағы келелі келіссөздер

24.03.2019

Жер-жиһанның сарапшылар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елінде ғана емес, бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін атқарған еңбегін ерекше құрметтейді. Оның бітімгерлік қырын жоғары бағалайды. Расында да, жаһанды жайлаған дағдарыс, Сириядағы кикілжіңнен кейін босқан халық, әр жерден қылаң берген экстремизм мен террористік әрекеттер, алпауыт елдер арасындағы өрши түскен саяси текетірес, мылтықсыз майдан. Тізбелей берсең таусылмайтын осы ылаңдар кеше ғана біртұтас тұрған талай мемлекеттің іргесін шайқады. Құтын қашырды. Ғаламдық геосаяси жағдай ушыққан мұндай сәттерде Қазақстан үшін ең алдымен елдің тыныштығын сақтау басты мұрат болды. Әлемдегі ең ірі үш державаның екеуі іргемізде жатыр. Сондықтан, сыртқы саясаттағы оң шешімдер мен батыл қадамдар ғана елдің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне кепіл бола алды.Әр ұлттың өз жолы, саяси көзқарасы, құндылығы бар. Бірақ, дамудың даңғыл, көзқарастың түзу болмағы көшбасшыдан. Шынар Асанқызы Тұңғыш Президенттің тұсындағы келелі келіссөздер жайлы тарқатады.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу