Астана қаласының атауын өзгерту үшін Ата заңға екі жерде ғана өзгеріс енгізу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының атауын өзгерту үшін Ата заңға екі жерде ғана өзгеріс енгізу қажет

22.03.2019

Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту үшін Ата заңға екі жерде ғана өзгеріс енгізу қажет. Біріншісі –Конституцияда Қазақстан астанасы – Астана деп көрсетіліп тұрған жерде. Екіншісі – астананың салықтық режимі көрсетілген жерде. Бұл туралы Конституциялық кеңестің мүшелері мәлімдеді.  Мысалы, біздің Ата заңда мемлекеттік шекараға, егемендігімізге, ел басқару формасына қатысты заңға өзгеріс енгізуге қатаң тыйым салынған. Алайда, онда  атауына қатысты бап немесе бөлім жоқ.  

Иоган Меркель, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі:

Әлеуметтік желілерде Астана атауына қатысты  Конституцияға өзгеріс  енгізуге болмайды деген пікір көп тарлағн. Алайда, заңгер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ешқандай түзету енгізбегенін айта аламын. Өйткені, ол  қос палатаның отырысында ұсыныс қана білдірді. Ал, Парламенттің заңды қабылдауы үшін Конституциялық кеңестің құптауы қажет. Біз де оны мақұлдадық.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу