Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қала атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қала атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді

21.03.2019

«Бас қала атауы өзгертілсе, шығындар минималды болады. Бюджетке айтарлықтай салмақ түспеуі тиіс. Өйткені құжаттар жаппай ауыстырылмайды»,-дейді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, елорда басшысы «Астана опера», «Астана арена» сияқты ғимараттардың да атауы өзгермейтінін мәлімдеді. Ал, қала тұрғындары бұрынғыдай астаналықтар аталып, бұл сөз қолданыста қала береді

Бақыт Сұлтанов, қала әкімі:

- Шығындар минималды болады. Өйткені өткен съезде Елбасы берген тапсырма бойынша барлық бюджеттен жергілікті бюджеттің ақшалары үнемделіп, әлеуметтік салаға жіберіліп жатыр. Жаңа әлеуметтік пакетті біз іске асыруымыз керек. Сондықтан сол жұмыстарды жасауымыз керек. Басқа шығындарды минималды қылуымыз керек. Өзгерістен ешқандай қосымша шығын туындамайды деп айтуға болады.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу