Қазақстан халықтарының достығы – біздің елдің баға жетпес байлығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халықтарының достығы – біздің елдің баға жетпес байлығы

20.03.2019

Қазақстан халықтарының достығы – біздің елдің баға жетпес байлығы. Бүгінде еліміздің әр облысында татулықтың бесігіне айналған, әрбір ұлтқа өзінің  салт-дәстүрі мен  мәдениетін жаңғыртуға мол мүмкіндік беретін Достық үйлері бар.

Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың  орталығы болып саналатын осындай ең алғашқы мекеме Елбасының бастамасымен 27 жыл бұрын Шығыс Қазақстанда ашылған.  Осы өңірдегі көп ұлтты халықтың пікірінше, Нұрсұлтан Назабаев еліміздегі татулық туын ешқашан төмен түсірген емес. 

Бүгінде Шығыс Қазақстанда 100-ден астам ұлттың өкілі өмір сүреді. Аймақта 126 этномәдени бірлестік ашылған. Глубокое ауданындағы Әзербайжан орталығының құрылғанына 1 жылдан асты. Мариф Фараджевтің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды ұлтаралық келісімі жарасқан мемлекетке айналдырды.

Мариф Фараджев,  Әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің өкілі:

Біз ата-бабаларымыз кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған. Сол аумалы-төкпелі заманда аталарым Әзербайжанда жерінен айырылды. Кең пейіл қазақ халқының арқасында осы жерге тұрақтап, тамырымызды тереңге жайдық.

Орталықтағы өнер ұжымдары әрбір мерекеге тыңғылықты дайындалады. Өйткені олар береке-бірлігі жарасқан елде өмір сүреді.  Елбасы сияқты, Қазақстан халықтарының достығын нығайтуға өз үлестерін қосуды мақсат етеді.

Екатерина Рыльская, би ансабілінің мүшесі:

Біздің репертуарымыз өте бай. Цыған, орыс, қазақ және басқа да ұлттардың өнерін дәріптейміз. Өйткені, біз татулығы жарасқан көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Еліміздегі ең алғашқы Достық үйі Елбасының бастамасымен Өскемен қаласында құрылған. Қазіргі таңда мұндай қоғымдық келісім орталықтары Қазақстанның әрбір облысында бар.

Эльдар Төлеубеков,  «Достық үйі» қоғамдық келісім орталығының директоры:

Достық үйімен бірге Этноауылда Шығыста бірінші болып құрылды. Елдегі татулық, береке Қазақстандағы ең маңызды нәрсе. Тату болсақ, жұмысымыз өнімді, экономикамыз да дұрыс болады. Салып жатқан қалаларымыз ары қарай дами береді деп сенімдімін.

Бүгінде өңірдегі барлық ұлт өкілдері Наурыз мерекесіне дайындалып жатыр. Быструха ауылындағы әзербайжан этно-мәдени бірлестік мүшелері де Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтпек. Олар Қазақстан халықтарының достығы – біздің елдің баға жетпес игілігі деп біледі .

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу