Оған қатысушылар мұнай-газ саласының қазіргі заманғы дамуы мен маңызды бағыттарын талдады.
Шараға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қазақстаннан 300-дей ғалым жиналды.
Олар ғылыми жұмыстарын өндіріспен байланыстырып, мұнай қабаттарын зерттеуге автоматты талдау жүйесі тәжірибесін енгізуді талқылады.
Басқосуға қатысқан ғалымдар әлем елдерінің мұнай-газ өндіруде экологияның бүлінбеуіне мүдделі екендерін жеткізді.
Сондықтан, әр мемлекеттің осы саладағы оң тәжірибесі сараланып, арнайы жүйеленді.
Зиядан Юлдашев, Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры:
Өнім өндіру, ғылым мен білімнің ара қатынасы ажырамауы керек. Соны білу - жастар үшін өте маңызды. Өйткені, білім мен ғылым - біздің болашағымыз. Ал, шикізат өндіру - күнделікті қажеттілік.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ