Орал қаласындағы Достық-Дружба даңғылы бұдан былай Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласындағы Достық-Дружба даңғылы бұдан былай Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталады

20.03.2019

Орал қаласындағы Достық-Дружба даңғылы бұдан былай Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталады. Бұл туралы шешім облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданды.

Депутаттар Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанды дамытудағы еңбегі орасан екендігін атап өтті. Жиынға қатысушылар Достық-Дружба даңғылын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады. Енді шешім республикалық ономастикалық комиссияда қаралады.

Серік Сүлеймен, облыстық мәслихат депутаты:

Біз Қазақстанның тарихында бірінші рет сонау 91-ші жылы Тәуелсіз мемлекет құрсақ, соның алғашқы президенті елімізді осындай терезесі тең қатарға жеткізген елбасы деп мақтанамыз әрқашанда. Сондықтан, бұл шешімді бірауыздан қолдадық.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу