Батыс пен шығысты жалғаған алтын көпір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс пен шығысты жалғаған алтын көпір

20.03.2019

Ел экономикасының тың серпін берген ірі жобалардың бірі «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі. Бұл жол Қытайдан Қазақстанға, Орталық Азия елдеріне, Ресейдің батыс өңірлері мен Еуропаға тауар тасымалдаудың ең қысқа бағытына айналды. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бұл жоба аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін дәлелдеп берді.

«Ұлы Жібек жолын» бес ғасырдан соң қайта жаңғыртуды ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы күллі әлем жұртының назарын аударған еді. Аз уақытта жүзеге асқан бұл ауқымды жоба ел экономикасының негізгі күретамырының біріне айналды деуге негіз бар. Көлік дәлізі еліміздегі халық саны бес жарым миллионға жуық адамды құрайтын 200 елдімекенді қамтыды.

Нүркен Аспенов, инженер-құрылысшы:

Біздің бірінші Президентіміздің қолдауымен басталған жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында біздің Қазақстан тек қана шикізат, мұнаймен пайда таппайды, көлік-логистика арқылы тасымалдау арқылы табыстың көзі болып табылады.

Бұл көлік дәлізінің жалпы ұзындығы 8445 километр болса, оның 2 787 шақырымы біздің елге тиесілі. Яғни, бұл Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облысынаң халқының әлеуетін көтеруге ерекше әсер етті. Жол бойындағы мыңдаған халық жұмыспен қамтылды, барыс-келіс жеңілдеді. Көлік дәлізінің Ақтөбе облысындағы ұзындығы 600 шақырымнан асады.

Аязбай Османғалиев, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Елбасы соны біліп, осы тапсырманы беріп, бірінші үлкен халықаралық жолды істеп, соны істегесін халыққа пайдалы. Елбасы әрбір үйге шейін жол болу керкек деді. Сол тапсырманы орындауға біз кірісіп кеттік. Елбасының еңбегі, қосқан үлесі, оны ешкім сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Тек рахметтен басқа.Жолдың арқасында экономикамыз біраз көтеріліп қалды.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» ха­лықаралық транзиттік дәлізі – Қытайдан Қазақстанға, Орталық Азия елдеріне, Ресейдің батыс өңірлері мен Еуропаға тауар тасымалдаудың ең қысқа бағыты.

Ол Шығыс пен Ба­тысты жалғайтын 40 күндік теңіз жолын 4 есе қысқартты. 2009 жылы осы бағыт бойынша 160 мың тонна жүк транзитпен өтсе, 2017 жылдың өзінде ол 600 мың тоннаға жетті.Алдағы уақытта тағы еселеп артатыны сөзсіз. Яғни, ел қазынасына түсетін пайда да артады.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу