Н.Назарбаевтың тек қазақ елінің емес, бүкіл дүниежүзі қауіпсіздік мәселесіне сіңірген еңбегі зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаевтың тек қазақ елінің емес, бүкіл дүниежүзі қауіпсіздік мәселесіне сіңірген еңбегі зор

20.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тек қазақ елінің емес, бүкіл дүниежүзі қауіпсіздік мәселесіне сіңірген еңбегі зор. Ұлт көшбасшысының тарихта тұңғыш болып атом сынақ полигонын жабуы-соған дәлел. 40 жыл бойы қазақ даласын қасіретке ораған Семей полигонының үні өшкелі бері, Қазақстан тек ядролық қарусыз әлем құру жолында бейбітсүйгіш ел ретінде жаһанға әйгілі болды.

Биыл «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл. 1989 жылы 28 ақпанда ұйымды құру туралы идеяны ақын Олжас Сүлейменов көтерген еді. Бастаманы барша ел қызу қолдап, тікелей Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен Абай елінде атом аждаһасының үні мәңгіге өшті. 

Сұлтан Картоев, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті:

Қазақстан халқы Елбасының басқаруымен, бүкіл әлемге ядролық қарумен қалай күресу керектігінің айқын үлгісін көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жаһан жұрты ядросыз әлемді қалай құруға болатындығын білді. Біз «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының қатысушысы ретінде, жаппай қырып-жою қаруынсыз болашақ құрудағы Елбасының азаматтық батыл қадамының қадамының куәгері болдық.

Семей сынақ полигонында 40 жылдың ішінде 500 ден астам сынақ жүргізілді. Тәуелсіз Қазақ елінің іргесі енді қаланып жатқан елең-алаң шақта, Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамыздағы Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын жабуы теңдессіз ерлікке пара-пар болды. Сол батыл шешім-- атомның үні қазақ даласында мәңгі өшірді. БҰҰ- Елбасы ұсынысымен 29- тамызды «ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні» деп белгіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:

Әлем жұртшығы кезінде Семей өңірін полигон алаңы ретінде ғана білді. Шын мәнінде Семей, Абай мен Шәкәрім сияқты даналарымыздың туған жері. Семей қазақ ғылымы мен білімінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің ордасы екендігі бәрімізге белгілі.

Ядролық қарудан пайда болған қасіреттен көш аспай келген халқымыз, бұл бастамы  зор ризашылықпен қабыл алды. Біздің бұл шешіміміз, жер шарының бейбітшілік сүйген миллиондаған адамдарына қуаныш сыйлады. Олардың бойында ядроылқ қаруды сынауды тоқтатуға болатынды туралы сенім пайда болды.

Елбасының атом сынақтарын тоқтату туралы жарлығы адамзат дамуындағы бейбіт қоғам үшін жасалған батыл тарихи құжат екендігін төрткүл дүние түгелдей мойындады. Бүгінде Қазақстан алғаш болып жаппай қырып жою қаруынан ерікті түрде бас тартқан бейбітсүйгіш ел ретінде жаһан жұртына үлгі. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жолдағы еңбегі әлем тарихында мәңгі орын алады.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу