Назарбаев Ресеймен, Батыспен ғана емес, шығыстағы алып көршісі Қытаймен де тығыз байланыс орната білді – Рейтер агенттігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Ресеймен, Батыспен ғана емес, шығыстағы алып көршісі Қытаймен де тығыз байланыс орната білді – Рейтер агенттігі

20.03.2019
Назарбаев Ресеймен, Батыспен ғана емес, шығыстағы алып көршісі Қытаймен де тығыз байланыс орната білді – Рейтер агенттігі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтату туралы шешімі бүкіл әлемді елең еткізді. Бұл оқиға туралы қазір дүниежүзінің көптеген ірі агенттіктері мен телекомпаниялары, газеттері мен интернет порталдары материал жазып, мәлімет таратып жатыр. Солардың бірі – Рейтер агенттігі. Оның хабарлауынша, «Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Тәуелсіздік алуына зор үлес қосты. Оның билігі тұсында ел экономикасына ондаған миллиард доллар инвестиция құйылды. Сонымен қатар, республикада мұнай өндірісі үш есеге артқан. Және де Назарбаев Ресеймен, Батыспен ғана емес, шығыстағы алып көршісі Қытаймен де тығыз байланыс орната білді».

Жансая Қапасқызы

 

Хабарламаларға жазылу