Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Алтын жұлдыз» орденімен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Алтын жұлдыз» орденімен марапаттады

20.03.2019

Бүгін Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Алтын жұлдыз» орденімен марапаттады. 

«Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын беремін», - деді Қасым-ЖомартТоқаев. 

Хабарламаларға жазылу