Елімізде онлайн сауда жанданып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде онлайн сауда жанданып келеді

19.03.2019

Қазақстандықтар онлайн саудаға көшуде. Былтыр интернет арқылы сатып алушылардың саны 2 млн 300 мыңнан асқан. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп. Бүгінде электрондық коммерция саласында 1700-ден аса кәсіпкер жұмыс істеуде. Ал, отандық онлайн нарықтың көлемі 300 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін «Қазпоштаның» төрағасы Сәкен Сәрсенов айтты.

Интернеттегі сауда арқылы былтыр 35 млн сәлемдеме жеткізілген. Осы сәлемдемелерге қатысты қаңтар айында тұтынушылардан көптеген шағымдар түскен. Себебі олар діттеген жеріне жетпей, жоғалып кеткен деректер көбейген. «Қазпошта» басшысы мұны жаңа жүйенің енгізілуімен түсіндірді. «Енді ондай жағдайлар мейілінше азаяды»,-дейді ол. Ал, заттар жоғалған жағдайда компания шығынды толық көлемде өтеп береді.

Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

- Біз қазір онлайн каналдарға көшіп жатырмыз. Бәрін айтып жатырмыз. Сайт арқылы, мобильдік қосымшалар арқылы барлық төлемдерді төлейсіз. Біздің бөлімшелерге келудің қажеті де жоқ. Өйткені бәрін онлайн жасауға болады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу