1 сәуірден бастап Павлодар облысындағы 1400-ден аса көпбалалы отбасыға алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қобдишалар тегін таратылады. Бір қобдишаның құны - 3200 теңге.
Одан бөлек, өңірдегі емханалар аз қамтылған отбасылардың балаларына кейбір ақылы қызмет түрін тегін көрсетеді. Мәселен, аса қымбат тұратын компьютерлік томограф, сәулелі ультрадыбыстық зерттеу, магнитті-резонансты томограф арқылы тексерілу ақысыз болады.
Мейрам Бегентаев, облыс әкімінің орынбасары:
- Әр үйде дәрі-дәрмек салынған қобдиша бола бермейді. Ал, оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті препараттардың бәрі бар. Негізі оны алуға ата-аналардың өздері өтініш жасады. Сондықтан қазірден бастап аз қамттылған отбасыларға тезірек жеткізіп беруге қам жасалып жатыр. Бюджет есебінен тегін беріледі.
Болат АМАНБАВ