Баспана мен жер учаскесін ала алмай жүрген тұрғындарға тегін кеңес алып, құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді. Биылдыққа алғаш рет өткізіліп отырған шараға әсіресе, көпбалалы отбасы мүшелері көп келіп жатыр.
Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алу жолдарын сұрап келгендері де бар. Сондай-ақ, жерге, баспанаға және балабақша кезегіне байланысты сұрақтары көп. Мамандар әр адамның арыз-шағымына құлақ түріп, шешілу жолдарын түсіндірді. Тек алғашқы сағаттың өзінде 10-ға жуық тұрғынға көмек көрсетілді. Бір жерден, бір мезгілде қызмет алуға қолайлы мұндай шараны жылына төрт рет өткізу жоспарланып отыр.
Ислам Алпысбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы:
Осындай шараларды біз тек Ақтөбе қаласында емес, облыстың барлық аудандарында тоқсан сайын өткіземіз.
Жақсыбек КЕМАЛ