«Nur Otan» партиясы «Халыққа көмек» жобасын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы «Халыққа көмек» жобасын бастады

18.03.2019

Халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Nur Otan» партиясының «Халыққа көмек» жобасы өз жұмысын бастады. Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

Жобаны Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев  партияның кезекті XVIII сьезінде жүзеге асыруды тапсырған.  Жаңа бастаманы партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес-қауымдастықтармен бірлесіп іске асырады. Жоба аясында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері еліміздің барлық аймағында бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде жұмыс істейді. Көмекке мұқтаж азаматтар партияға тікелей өз өтініштерін білдіре алады.

Мәулен Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің барлық қабылдау бөлімдерінің адрестері nurotan.kz порталында бар. Сондай-ақ, азаматтар телефон, e-mail, әлеуметтік желілерді пайдаланып, whatsapp немесе i-komek жүйелері арқылы да өздерінің өтініштерін жіберуге мүмкіндіктері бар. Осы жолдармен келген барлық өтініштерді біз мұқият қарайтын боламыз.

Еңлік ЗӘМІРБЕКҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу