«Әлеуметтік қамқорлық». Түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Ақтөбе облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік қамқорлық». Түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Ақтөбе облысына барды

14.03.2019

Елбасының Әлеуметтік қамқорлық шараларын түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Ақтөбе облысына барды. Өңірдегі халықпен кездесіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін одан әрі жақсартуға бағытталған бастамаларды түсіндірді. Азаматтарды мазалаған сұрақтарға жауап берді. Толығырақ, осы өңірде жүрген тілшіміз Ербол Мәндібек әңгімелейді.

Астанадан арнайы келген жоғары билік өкілдерімен жолығуға жүздеген адам жиналды. Мінберген шыққан министрлер әуелі «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары туралы тарқатып айтып берді.

Кімге қандай және қанша мөлшерде көмек көрсетілетін түсіндірді. Мемлекет тарапынан халықтың өмір сапасын жақсарту үшін жасалатын игі істерді Ақтөбеліктер де қуана қабылдады. Десек те, әрбір азаматтың пікірі мен көкейіндегі мәселесі ескерусіз қалған жоқ.

Бұл аймақта да баспана мәселесі алдыңғы қатарда. Гауһар Әбдіразақова мүгедек баласы бар жалғызбасты ана. 2 пайыздық жеңілдетілген тұрғын үй  несиесін алуға үмітті. Бірақ, тұрақты жұмысы жоқ.   

Гауһар Әбдіразақова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Мен жалғызбасты анамын

Мархабат Жайымбетов, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы  комитетінің төрағасы:

Онда сіз

Әлеуметтік қамқорлық шаралары ең төменгі жалақы алатын көпбалалы, мүгедек балалары бар және кәмелетке толмаған толық емес отбасыларға жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Оған бірінші кезекте азда болса айлық табысы бар азаматтар ие болады.

Яғни, мемлекеттен берілетін әлеуметтік жеңілдіктерді алу үшін бос отырмай ең төменгі айлық болса да еңбек ету шарт. Министр Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, жаңа әлеуметтік саясат азаматтардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттыруды көздейді. Қысқасы, жігіттер жалқаулықты қойыңдар деп отыр.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Ер азаматқа 12 мүшесі сау адамға өзінің жанұясын асырай алмау - ұят. Үйлендің ба, дүниеге баланы әкелдің бе, таңның атысы күннің батысы жұмыс істеуің керек. Отбасыңды асырауың керек.

Өкінішке қарай, қазір отбасын асырамақ түгілі, тұрмыста қиыншылық туындаса қу басын ала қашатын жігіттер көбейген көрінеді. Соңғы үш күнде үш облысты аралаған жұмыс тобына шағым айтып келушілердің көбі жалғызбасты аналар екені қатты байқалды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Осы қазір қанша әйелмен сөйлестім, Атырауда да, Оралда да, күйеулері тастап кеткен, қарамай кеткен, бұл қандай қоғам? Ерекектер қорқақ болып кеткен бе?  Барлығы проблеманың бәрін әйелдердің басына іліп қойған ба, сол түсініксіз болып кетті. 

Әлеуметтік саладағы қордаланған мәселелердің барлығы назардан тыс қалып жатқан жоқ. Әсіресе, әйелдердің өтініштері мен сұрақтары қағаз беттеріне қатталуда. Мұның барлығы біз үшін маңызды ақпарат деді Үкіметтен келген арнайы жұмыс тобының өкілдері.

Айта кетейін,  мемлекет әлеуметтік шығындарды қосымша 2,3 трлн теңгеге ұлғайтты. Осыншама қыруар қаражат негізінен, табысы төмен азаматтарды қолдауға, жұмысы жоқтарды кәсіптік білімге оқытып еңбекке араластыруғае  медицина мен білім сапасын арттыруға, өңірлерлердегі инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу