Әлеуметтік салаға қыруар қаржы бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік салаға қыруар қаржы бөлінеді

14.03.2019

Мәжіліс 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістерді мақұлдады. Оған сәйкес, қазынаның қаржысын әлеуметтік салаға бөлуге басымдық беріліп отыр.  Қаржы министрлігінің дерегі бойынша, келер жылы ел бюджетіне 10 трлн 569 млрд теңге түседі деп болжануда. Ал шығыс көлемі 1,2 трлн теңгеге ұлғайып, 11 трлн 895 млрд теңгені құраған. 

Негізінен бұл қаражат үш бағыт бойынша жұмсалады. Әуелі «Нұр Отан» партиясының съезінде Президент берген тапсырмаларды орындау үшін 444 млрд теңге бөлінеді.  Сондай-ақ, жастар жылына арналған іс-шараларға 24 млрд 600 млн теңге жұмсау көзделуде.

Ал 2017,2018 жылдардағы Президент жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға 286 млрд теңге бағытталмақ. Мұның бәрі қарапайым халықтың жағдайын жақсартып, әлеуметтік мәселелерді шешуге арналып отыр. Баспана мәселесін шешуге бағытталған қаржы да тұрғындар ыңғайына қарай бөлінбек.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жеңілдетілген несие беру үшін 50 млрд теңге қарастырылып отыр. 2 пайызбен 20 жылға арналған. Осы несиеге тек жаңа үйлер алуға бола ма, әлде ауылдарда, аудандарда бұрынғы салынған үйлерді де алуға бола ма?

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

Биылғы жылға 50 млрд-ты 25 млрд-ын құрылысқа жұмсаймыз. 25 млрд-ын әкімдерге құқық береміз сатып алуға.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу