«Әлеуметтік қамқорлық» шаралары. Әртүрлі сала қызметкерлерінің жалақысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік қамқорлық» шаралары. Әртүрлі сала қызметкерлерінің жалақысы

12.03.2019

Елбасының жаңа «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары жайлы ақпарат. 1 шілдеден бастап айлығы төмен бюджет қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсетіні белгілі. Енді әр саладағы қызметкерлердің орташа жалақысы қалай өзгеретінін нақты атап өтейік.

Мәселен, Халықты әлеуметтік қорғау саласында еңбек етіп жүргендер бүгіндері 59 – 71 мың теңге көлемінде жалақы алып жүрсе, шілдеден бастап оларға шамамен 76 мыңнан 107 мыңға дейін төленеді. Әкімшілік қызметкерлердің алып жүрген 64 мыңына 20 мың теңгеге жуық ақша қосылады.

Ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы мамандардың орташа айлығы 82 мың теңгедей болса, енді 107 мың теңгенің үстінде болады. Ал іс жүргізуші, хатшы сынды техникалық қызметкерлері бұрынғы 56 мың теңгенің орнына 74 мың теңге алады.

Мәдениет, спорт, мұрағат ісі салаларындағы мамандардың нәпақасы шілдеден бастап 113 мың теңгеден сәл асады. Ал еден жуушы, аула сыпырушылар мен күзетшілердің айлығы 68 мың теңгеге дейін барады. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу