Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны  жүрегіден сусын шығаруды қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны  жүрегіден сусын шығаруды қолға алды

12.03.2019

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны жүрегіден сусын шығаруды қолға алды. Шөл басатын ерекше сусын жаңа технологиямен әзірленеді. Тыңнан түрен салып, таза табиғи өнім шығарған кәсіп иесімен өңірдегі тілшіміз Ақерке Берікбекқызы тілдесіп қайтты.    

Жүгері сусыны шөлді қандырады, әрі сіңімді.   Ол үш кезең бойынша әзірленеді. Дақыл  тазартылады, 120 градус ыстық суда қайнатылады. Онан кейін айран араластырады. Кәдімгі ашытпаға ұқсайды, бірақ, өзінің ерекше дәмі бар. 

Қасым Әбжаппаров, сусын цехының басшысы:

Екі жыл бұрын өзіміз қалай болатынын зерттегенбіз, сонымен қазір ол қолданысқа енді. Рұқсат берілді,  бірақ,  өзіміздің ойымыздан да өте жоғары болып шықты. Лажы болса, ыстық жерге қоймау керек, +4, +16 екі аралықта сақтау керек.

Цехта 10 адам еңбек етеді. Олардың әрқайсысының өз міндеті бар. Кейден ауылының тұрғыны Мейрамкүл  қазір оператор.  Ұзақ жылдардан бері жұмыссыз үйде отырған келіншек  аз уақыттың ішінде жаңа техниканың тілін меңгеріп алды.

Мейрамкүл Тұрғанбаева, оператор:

Дайын шығып жатқан суды дайын тұрған бөтелкелерге құйып, қақпағын жауып жібергеннен  кейін, сыртына тауар белгісін жабыстырып, блоктап тұрамыз.

Жүгері сусынының пайдасын Тамақтану академиясының ғалымдары құптайды. Сондықтан, жоба өміршең. Кәсіпкер бұл істі бастау үшін мемлекеттің қолдауына жүгінді. 3 миллион теңге қайтарымсыз несие алды, қажетті жабдықтар сатып алды. Жақында облыс әкімінің 1 миллион теңге қаржылай сыйақысына ие болды.

Сейітмұхамед  Әбжаппар, кәсіпкер:

Сұраныстар күнен күнге ұлғаюда. Қазір оңтүстік өңірлерге жөнелтіп жатырмыз. Көп болған жоқ, Көкшетау, Астана, Алматы қалаларынан сұраныс түсуде. Әрине, нарыққа түсу оңай емес. Жоспарымызда әлі көп мақсаттар бар. Соны дамытсақ дейміз.

Өндіріске қажетті шикізат – жүгері. Ал оған қатысты проблема жоқ. Жаңақорған ауданының Кейден ауылы негізінен осы дақылды егумен айналысады. Биыл  егістік көлемін арттыру жоспарда бар.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу