Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласының орталық жылу қазандығы коммуналдық меншікке өтетін болды. 20 жылдан астам жеке кәсіпкердің иелігінде болған нысан қараусыз қалып, әбден тозған. Салдарынан биыл қыс ортасында сыр беріп, 40-тан астам тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік нысандар, жылусыз қалған еді.
Енді мәселе түбегейлі шешілетін болды. Жылу нысанын сатып алу үшін, бюджеттен 47 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Жаз шыға қазандық толықтай жөнделеді. Ол үшін 250 млн теңге қарастырылып отыр. Әкімшілік өкілдері келер жылдан бастап аягөздіктер жылудан таршылық көрмейді, -деп сендіруде.
Самат Серіков, Аягөз қаласының әкімі:
Жөндеуге де қаржы бөлініп дайын тұр. Оның сыртында құр орталық қазандық емес, орталық қазандыққа қосылған қалаға тұтынушыларға баратын жылу жүйесі, ол да түбегейлі жөндеуден өтіп, ашып-жапқыштарының бәрі қалпына келтіріп жұмыс жасалатын болады.
Ержан ЖАҚЫП