Алғашқы жарна баспана құнының 10 пайызына тең. Жеңілдетілген несие келесі санатқа жататын отбасыларға ғана беріледі: 4 немесе одан да көп баласы барлар, мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырғандар, кәмелет жасына толмаған баласы бар толық емес отбасылар. Ең басты шарттарының бірі - отбасының табысы адам басына шаққанда ең төменгі жалақыдан аз болуы және баспаналары болмауы тиіс. Жоспар бойынша аз қамтылған отбасылар үшін жылына 2 мың пәтер салынады.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ