Бос жатқан жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бос жатқан жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды

11.03.2019

Павлодарда мемлекеттің жер телімін иемденіп алып, құрылысты созбақтап жатқандарға нақты шара қолданыла бастады. Мәселен, қала ішінде құрылысы кешеуілдеген осындай 30 нысан бар. Жер телімдерінің кейбірі мейрамхана, спорт зал, балаларға арналған демалыс орны және көпқабатты тұрғын үй кешенін салу үшін алынған. Жыл басынан бері бес жер телімінің меншік иелері ауысты. Алдымен оларды сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарып, кейін қайта аукционға шығарды.

Солардың бірі - қаланың қақ ортасындағы мына учаске. Аумағы 1 гектардан асады. Көпқабатты үй салу жоспарланған. Бірақ құмдауыт жер болғандықтан тұғыры ғана бекітіліпті. 13 жылда басқа ештеме жасалмаған.

Назар Жұмабеков, Қалалық сәулет және құрылыс бөлімі басшысы:

- Біздің негізгі жұмысымыз жер телімдерін алып қою емес, бизнеске дем беру. Мысалы, жерді рәсімдеп алып, оны бос қойғаннан басқа біреуге жалға беріп, немесе сатып жіберген дұрыс қой. Қаланың ортасындағы жерлерге сұраныс бар. Сондықтан құрылыс жүрігізіп, халыққа пайдалы нысан тұрғызылса деген мақсатпен осы жұмыстарды қолға алдық.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу