Елордалық оқушылар экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосатын жобаларын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық оқушылар экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосатын жобаларын ұсынды

11.03.2019

Елордалық оқушылар экологиялық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ұсынды. Астанадағы №3 мектепте жасөспірімдер арнайы іс-шара ұйымдастырып, өз жобаларын таныстырды. Оқушылар көпшілікті қоршаған ортаны ластамауға шақырып, қайта өңделген заттарды іс жүзінде қалай пайдалануға болатындығын көрсетті.

Мәселен, наурыз мерекесіне орай пластикалық бөтелкелерден киіз үйдің үлгісін құрастырып, оған ұлттық нақышпен әр беруге болады. Акция барысында әр саланың мамандары шеберлік сағаттарын өткізді. «Қоғамның болашағы үшін экологиялық мәселеге баса назар аудару қажет» деп үндеген оқушылар мұндай шараларды ары қарай эстафета етіп жолдамақ.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу