БҚО-да 2 адамды өрттен құтқарған бала марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 2 адамды өрттен құтқарған бала марапатталды

11.03.2019

Оқиға ақпан айының аяғында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында болған еді. Сабақтан келе жатқан Мирас Жүнісов көрші үйдің өртеніп жатқанын көреді. Ойланбастан оттың ортасынан 8 жастағы бала мен ер адамды аман алып шығады. Кейін құтқарушыларға хабар береді.

Екі адамның өмірін сақтап қалған Мирас Медетұлы – 11-сынып оқушысы, «Алтын белгіден» үміткер. Батыр бала «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ата-анасы мен сынып жетекшісіне де Алғыс хаттар табыс етілді

Мирас Жүнісов, Қ.Байсыйықов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы:

- Кенеттен кішкентай сәбидің жылаған даусы естілді. Мен бұл дауысты ести салсымен, үйге қарай кірдім. Үйдің ішінде ештеңе көрінбегенімен, жылаған сәбидің дауысына қарай бет алдым. Содан кейін сәбиді тауып, сыртқа көтеріп шығардым. Бір кезде үлкен кісінің жөтелген даусы естілді. Мен сол дауысқа барып, ол кісіні де сыртқа алып шықтым.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу