Электронды құжатта отбасының барлық кіріс-шығысы, мәліметтер түгел қамтылады. Аймақтағы 12 мың көпбалалы ана осы әлеуметтік картаға енеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының XVIII съезіндегі Елбасы тапсырмаларын талқылаған жиында айтылды.
Басқосуға қатысушылар табыс көзі аз көпбалалы жаұяларды баспанамен қамту елдегі біраз мәселенің түйінін тарқатады деген пікірде. Мәселен, 20 жылға берілетін несиенің пайыздық мөлшері 2 пайыздан аспайды. Бұл - қай жағынан болсын тиімді әдіс. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Президент бекіткен тапсырмалардың толық орындалуына мұрындық болмақ.
Гүлмира Шәкірова, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:
- Үкіметтен үлкен жол картасы жасақталып жатыр. Жол картасы бекітілгеннен кейін атаулы әлеуметтік көмектердің механизмі бекітіледі. Осы барлық жұмыстар 1 шілдеден басталады деп күтіп отырмыз.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ