Бүгін Қорғаныс министрінің қатысуымен осы мәселе бойынша арнайы семинар өтті. Әскеріміздің әлеуетін арттыру, әр уақытта заман талабына сай жарақтандыру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жабдықтауға жіті назар аударылуда.
Семинар барысында Қарулы Күштердің қызметін үнемдеуге, бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану, оқ-дәрілерді, жағармай мен өзге де материалдық құралдарды ұтымды жұмсау мәселесі талқыланды. Осы бағыттағы іс-шаралардың атқарылуын қалтқысыз бақылауға айрықша мән берілмек.
Ербол МӘНДІБЕК