Еуразиялық интеграция - кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық интеграция - кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік

19.06.2014
Еуразиялық интеграция - кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік
 
Еуразиялық интеграция - кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік. Олардың пікірінше, ықпалдастықтан кейін республиканың инвестициялық тартымдылығы  одан сайын арта түседі.
 
«Енді Қазақстанға келген Еуропалық инвесторлар  Ресей мен Беларусьтің де нарығын игеруге ұмтылатыны заңдылық», дейді.
 
Владимир Пак, «Шин-Лайн» ЖШС Бас директоры:
Кедендік одақ аясында тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келдік. Енді Еуразиялық экономикалық одақ болып, арнасы кеңейе түсті. Біз шикізаттың басым бөлігін Ресейден аламыз. Кедендік баж салығы болмағандықтан, тауар бағамы да төмендеді. Бәсекелестікке бел шеше кірісуімізге үлкен мүмкіндік туды. Территориясы әлемде 9-орын алатын Қазақстанда логистикалық жүйелер толық дамымаған. Солтүстік, батыс өңірлерге балмұздақ сынды сүт өнімдеріміз қымбат бағамен жететін. Бастысы, бұл интеграция халық үшін тиімді болмақ.
 
Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу