«Astana taxi» қызметі тексерілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana taxi» қызметі тексерілуде

06.03.2019

«Астана такси сервис» компаниясы нарықтағы бағаға бақылау орнатып және бәсекелестікті шектеп отыр. Осындай деректер бойынша серіктестіктің қызметіне тексеріс жүргізілуде. Орта кәсіпкерлік нысанға 300 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынуы мүмкін.» Бұл шамамен 700 мың теңге», деді тауар нарықтарындағы монополияға қатысты заңнаманы бұзу бөлімінің басшысы Дастан Сәмен. Сондай-ақ, ол «Астана такси сервис» компаниясы 13 таксопаркпен бір тарифке келіседі және тасымал құнын бекітетін де сол серіктестік екенін жеткізді. Бірақ көлік жүргізушілері бірлестігінің өкілі мұнымен мүлде келіспейді. 

Медет Құрманов, Астана қаласы көлік қауымдастығының төрағасы:

- Біз тұтынушыларымыздың бір бағыттағы сапарына талдау жасағанбыз. Такси құны әр түрлі болды. Олар әр таксопарктің тапсырысына сәйкес жүргізілді. Міне, осы фактінің өзі тарифтің бірыңғай екендігін теріске шығарады. Сондай-ақ, тәуелсіз интернет рейтинг агенттігі әлеуметтік желі арқылы сауаланама жүргізді. Сол кезде респондеттердің тек 2 пайызы «Астана такси» қызметін пайдаланатынын айтқан. «Индрайвер» 50, «Яндекс» 39 және 2 пайызы «Максимге» тиесілі. Мұның өзі де тұтынушылар үшін балама қызмет түрлері мен таңдаулары бар екенін көрсетеді. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу