Алматы облысындағы Қаскелең қаласында мемлекеттік қызметкерлерге «Аманат» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы Қаскелең қаласында мемлекеттік қызметкерлерге «Аманат» сыйлығы табысталды

06.03.2019

Алматы облысындағы Қаскелең қаласында өңірдің дамуына еселі еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкерлерге «Аманат» қоғамдық тану сыйлығы берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы бұл марапат қоғамға белсенді қызмет етіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосқан азаматтардың ісін жастарға үлгі ету мақсатымен тағайындалған. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін бағалауға бағытталған сыйлықты алғашқылардың бірі болып, Қарасай ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Василий Тысиков алды. Жалпы, Жетісу жерінде 8 мың мемлекеттік қызметкер бар. Оның тең жартысы - нәзік жандар. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шет тілдер педагогикалық колледжінің директоры Бақыт Шпекбаева мемлекеттік қызмет пен отбасының жұмысын қатар алып жүрген батыр ана Айгүл Бақбергенқызы да марапатталды. 

Айгүл Бақбергенқызы, Алматы облысы Қазынашылық департаментінің бас маманы, «Алтын алқа» иегері:

- Біріншіден, менің жолдасым көпбалалы отбасынан шыққаннан кейін мен өзімнің енемнің жолын басып келе жатырмын деп айтсам болады. Енемнің арқасында көп нәрсені үйрендім. Жолдасым жақсы, батыр ана болып тұрғаным соның арқасы. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу