Жамбыл Жабаевтың 173 жылдығы туған жерінде тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл Жабаевтың 173 жылдығы туған жерінде тойланды

04.03.2019

«Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» деп жырлап, көзінің тірісінде 21-ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 173 жылдығы туған жерінде тойланды. Жамбыл мұражайынан бастау алған ауқымды шара мәдениет үйінде өтті. Оған елдің әр қиырынан келген мәдениет, әдебиет және қоғам қайраткерлері қатысты. Шайырдың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Ал, белгілі айтыскер ақындар жыршы туралы жалынды жыр, арнау өлеңдерін оқыды.  «Ұлт үшін ұлы мұра қалдырған Жамбылдың туған күнін тойлау дәстүрлі түрде жыл сайын тойлана бермек», - дейді ұйымдастырушылар.

Бағдат Әлиев, Жамбыл ауданының әкімі:

- Бүгін міне, іс-шара өтіп жатыр. Бұл бір күндік емес, жыл бойына айналатын іс-шара. Бізге беретін үлгі. Келер ұрпаққа көрсетер өнегеміз.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу