СҚО және ШҚО-ға қоныс аударамын деген маңғыстаулықтарға мемлекеттен көмек беріледі. Ақтауда өткен жәрмеңкеде «Ерікті қоныс аудару» бағдарламасы таныстырылды.
Сондай-ақ, 7 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Мамандардың айтуынша, аталған бағдарламаның тиімді тұстары көп. Ең алдымен көшіп барған отбасының мүшелеріне 35 АЕК көлемінде бір реттік жәрдемақы төленеді. Кемінде 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Шаруашылықпен айналысамын деушілерге тегін жер телімдері беріледі.
Ал, 1 жыл бойы баспананы жалдау мен коммуналдық шығындарды әкімдік өз мойнына алады. Жәрмеңкеге 500-ге жуық тұрғын қатысты. Оның 40 шақтысы қызығушылық танытып, қоныс аударуға өтініш жазды. Аталған бағдарлама басталғалы ел бойынша 1 мыңнан аса отбасы өзге өңірге қоныс тепкен.
Насырлы Сәрсенғалиев, Мұнайлы ауданының тұрғыны:
- Мына біздің ауылдағы жұмыссыз жастарға бұл өте тиімді болып тұр. Көшу үшін, сол жаққа орналасу үшін жәрдемақы береді екен.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ