Ақтөбеде 800-ге жуық тұрғынға 45 миллион теңгеге көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 800-ге жуық тұрғынға 45 миллион теңгеге көмек көрсетілді

28.02.2019

Көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға жедел көмек көрсету үшін арнайы мобильді топ құрылған. Қазір қабылдауларға келген 6 мыңға жуық адамның өтініші қаралып жатыр.

Биыл 3 мың адам кәсіптік оқуға жіберілмек. 5 мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылады. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың мектепке баратын балалары тегін тамақтанады. Бір жолғы әлеуметтік көмек 70 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін өсті. 55 адам тұрғын үй алуға кезекке қойылып, қазірдің өзінде 27 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 39 бала тегін секциялар мен үйірмелерге жазылған. 300 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қала әкімдігінің өкілдері бұл жұмыстардың әлі жалғасатынын айтады.

Мақпал Тұрмағамбетова, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Тек біздің мекеменің өзі 1800 азаматты қабылдады. Өзімнің кәсібімді ашамын деген азаматтарға түсіндіріп жатырмыз. Олардың пайызы өте төмен, бар-жоғы 21 адам.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу