Қазақстандағы соңғы әлеуметтік реформалар шетелдік БАҚ назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы соңғы әлеуметтік реформалар шетелдік БАҚ назарында

28.02.2019

Қазақстандағы соңғы әлеуметтік реформалар жайлы жаһандық БАҚ тілшілері де жарыса жазып, талқылап жатыр. Брюссельдегі «EurActiv» журналының редакторы Георгий Готев «Қазақстандағы әлеуметтік реформа елдің алдағы 10 жылда дамыған 30 елдің қатарына кіруіне серпін берері сөзсіз», - дейді.

Журналистің пікірінше, Үкіметтің білім беру сапасын арттыру, медицина саласын дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдауға қомақты қаржы бөлуі жоғары бағаға лайық. Аға редактор жақын күндері Қазақстанға сапарлап, соңғы әлеуметтік өзгерістер жайлы бірнеше мақала жазуды көздеп отыр.

Георгий Готев, «EurActiv» еуропалық журналының аға редакторы:

- Адам капиталына инвестиция құю - керемет идея. Барлық ел осылай жасауы тиіс деп есептеймін. Өкінішке қарай, Еуропалық Одақта мұндай ірі реформаларға құятын қомақты қаржы да, амбиция да жоқ. Қазақстан Президенті Үкіметке халықты жұмыспен қамтуды қадап тапсырды. Яғни, билік табысы төмен әлеуметтік топқа қаржылай көмек көрсете отырып, өзгелерді жұмысқа орналастырады. Бұл - үлкен қолдау. Себебі Бельгияда жұмыс табу үкіметтің емес, әр адамның жеке міндеті.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу