Былтыр асыл тұқымды мал өсіріп, ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін 3 мыңға жуық қожалық өтінім жазған. Олардың барлығына субсидия төлеу үшін 13,3 миллиард теңге қажет. Ал, бюджеттен бөлінген қаржы екі есеге аз.
Субсидияға ақша жетпей қалса да, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің меселі қайтпаған. Салаға жауапты басқарма өкілдері шаруалар алдындағы қарыздан алдағы 2-3 айда құтылмақ.
Ертай Қуанбаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Біздің мал шаруашылығы саласында генетиканың жақсаруы, малдың саны мен өнімдердің көбейуін көруге болады. Бұның өзі жақсы көрсеткіш. Дегенмен жылда бөлініп отырған қаражаттың көлеміне келгенде 2018 жылы жетіспеушілік болды. 6,2 миллиард теңге қарыз қалыптасты. Бұл қарыздарды біз биыл бюджет есебінен сәуір-мамыр аралығында толық өтеп береміз.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.