Мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселесі талқыланды

26.02.2019

Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті съезі қарсаңында сан алуан тақырыптарға арналған панельдік сессиялар өтіп жатыр. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік аппараттың жаңа форматын қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді автоматизациялау мәселелері талқыланды.

Қатысушылар партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын сөз етті. Аталған құжат ертең Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде таныстырылады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу