Отандық бөлшектердің үлесі арттырылмақ

25.02.2019

Əскери техника жасайтын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытындағы жергiлiктi ɵнiмдердiң үлесi 72 пайызға жеттi. Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауiпсiздiк комитетiнiң тɵрағасы Дариға Назарбаева бастаған депутаттар зауыттың жұмысымен танысты. Қандай ɵзгерiстер енгiзiлуi керек екендiгi айтылып, болашақ жоспарлары талқыланды.

«Арлан», «Алан». Брондалған əскери кɵлiктер басынан бастап осы жерде жиналады. Олардың сыртқы пiшiмi де қауiпсiздiктi арттыру үшiн есептелiп жасалған.

Оңғар Алпысбайұлы, тiлшi:

- Бұл – «Арлан» көлігінің капсуласы. Байқағанымыздай бұл жерде ішіндегі жауынгерлердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Қабырғасының қалыңдығы шамамен 20 сантиметр. Толық жарақталған көліктің салмағы 16 тоннаға дейін барады. Соған қарамастан сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүруге мүмкіндігі бар.

Зауыт жылына 100-ден астам көлік құрастырып отыр. Толық қуатына енсе, бұл санды 120-ға дейін жеткізе алады. Ауыр техника қазiр əлемдiк нарықта сұранысқа ие. Зауыттың басты ерекшелігі тұтынушының қалауына қарай түрлi нұсқалары жиналады.

Нұржан Нұрсипатов, ҚР Парламентi Сенатының депутаты:

- Бағасы қазір қымбаттау. Сондықтан мына қосалқы бөлшектердің отандық зауыттардан шығару керек.

Қазір Еуропадан әкелініп жатқан сыртқы бронды қабаты болашақта Қарағандыдағы зауытта жасалмақ. Тек қозғалтқыштарын әзірге шетелден алуға мəжбүрмiз. Ал, кɵлiкке орнатылатын қарудың жаңа түрі де ендi ɵзiмiзде жасалады.

Кɵбей Жаңбыршы, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауыты бас директорының орынбасары:

- Бұл модульді қашықтан басқаруға болады. Оператордың өзі көліктің ішінен басқара алады.

Сенат депутаттары «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» зауытының да жұмысымен танысты. Қазір бұл кәсіпорынның өнімдерін өзіміздің қарулы күштер, Түркия мен Өзбекстан тұтынып отыр. Жуық арада экспорт географиясын кеңейту жоспарланып жатыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу