Күріш алқаптарының тұздылығы жылдан-жылға жоғарылап барады. Мамандар топырақтың 25 пайызы қатты, 30 пайызы орташа тұзды екенін анықтады. Бұл өнімділікті екі есе азайтады. Сондай-ақ, сапасыз тұқым мен ауыспалы егістіктің, суармалы жердің тозуы шығымдылықты төмендетіп отыр. Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары осылай деп дабыл қағуда.
Ақерке Берікбекқызы, тілші:
- Кезінде «Ақ маржанмен» атағы әлемге танылған аймақтағы шаруашылықтар қазір шетелдік сорттарға тәуелді. Көпшілігі тұқымды ресейден әкеліп егеді. Янтарь, лидер, новатор сорттарына сұраныс жоғары.
«Ақ маржан» ескірді, түрлі өсімдік ауруларының кесірінен шығымдылығы азайды. Жалпы, ауа райының қолайсыздығына, топырақ пен судың тұздылығына кез келген сорт төтеп бере алмайды. Мелиоративтік жүйенің тозуы да мол өнім алуға кедергі.
Құрманбек Бәкірұлы, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы:
- Қазылған каналдар, қашыртқылар көміліп қалды. Жаңа техника керек.
Өңірде жыл сайын 70-80 мың гектар күріш егіледі. Орта есеппен әр гектардан 50-60 центнерден өнім жиналады. «Бірақ бұл аз»,-дейді ғалымдар. Бұдан 2,5 есе артық өнім алуға болады. Ол үшін топырақтың тұздылығын төмендету керек. Тұқымның сапасына мән беру қажет. Арнайы зерттеулер нәтижесінде қазір егіліп жүрген тұқым түрлерінен 7 ауру анықталған.
Бақытжан Дүйсембеков, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ директоры:
- Ол 5 түрлі саңырауқұлақ негізіндегі ауру болса, 2 түрлі бактериялық ауру негізде.
Бұл орайда институт ғалымдары өңірде тұқым зауытын салуды ұсынады. Сонда ғана өңделіп, әбден сұрыпталып, сараланған, дәріленген сапалы, біртекті тұқым алуға мүмкіндік бар. Бірақ әзірге тұқымды өңдеумен әр шаруашылық өзі айналысады.
Ғалымдар топырақ құнарын арттырудың тың тәсілдерін ұсынады. «Жаңа технология жаңа мүмкіндіктерге жол ашады»,-дейді.
Әсет Тоқтамысов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы:
- Органикалық тыңайтқыш қолданылмайды қазір. Көң қолданылмайды.
Былтыр 81 мың гектарға егін еккен сыр диқандары биыл да сол шамада дән себуді жоспарлап отыр. Облыста агропарк құрылмақшы.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.