Алматыда жаңа электр станциясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаңа электр станциясы іске қосылды

25.02.2019

Мегаполис тұтынушыларының 30 пайызын жарықпен қамтитын «Ерменсай» подстанциясының қуаты - 500 мегаватт. Шағын болса да, қуаты жоғары орталық автоматтандырылған құрылғыларымен жабдықталған.

Бұрынғы таулы қырат аумағындағы ескі электр станция шаһарда халық саны әлдеқайда аз болған тұста бұдан 33 жыл бұрын салынған. Бостандық, Медеу, Әуезов аудандарын толықтай, Талғар ауданының жартысын жарықпен қамтып келген. Тозығы жеткен станция қаланың жоғарғы жағындағы тұтынушылардың сұранысын толық қамти алмаса да жұмыс істеп тұрған. «Енді «Ерменсай» қосалқы электер бекеті салынғандықтан, техникасы тозған ескі станция бұзылады», - дейді мамандар. 

Серік Төтебаев, «Самұрұқ-Энерго» АҚ басқарушы директоры:

- «Горный гиганттағы» бар жүктемені қазір Ерменсайға көшірдік. «Горный гигант» қауіпті жағдайда болғанда қаланың 30 пайызының электр энергиясы өшіп қалуы мүмкін еді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу