Үздік жобаларға қолдау көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үздік жобаларға қолдау көп

22.02.2019

Инсульттан кейін қол-аяғы семіп қалғандарды қайта қалпына келтірудің тиімді жолы табылды. Қазақстандық зерттеушілер сезім мүшелерін оятуға арналған қондырғы ойлап тапты. Олар бүгін жобаларын инклюзивті инновацияларға арналған гранттық бағдарламаға іріктеу шарасында таныстырды. Отырыста ең үздік жобаларға грант бөлу мәселесі қаралды.

Жалпы, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған 90-нан астам жоба түскен. Бірнеше кезеңнен 12-сі іріктелініп, бүгін оларды халықаралық сарапшылар сараптап жатыр. Үздіктеріне Дүниежүзілік банктің қолдауымен қомақты қаражат бөлінеді.

Берік Ерболсынов, комиссия мүшесі:

- Бұл жерде нашар жоба бар деп айту қиын екен. Себебі әлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға арналған жобалар.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу