Қызылордада үйі өртеніп, үш ұлынан айырылып, қара жамылған отбасыға пәтер кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада үйі өртеніп, үш ұлынан айырылып, қара жамылған отбасыға пәтер кілті табысталды

22.02.2019

Бұл қайғылы жағдай тек бір отбасының емес, тұтас елдің қабырғасын қайыстырып, еңсесін түсірді. Алты Алашқа ана болған Сыр елі үш бірдей бүлдіршінінен айырылған анаға қолдау ретінде жаңа қалада бой көтерген жаңа үйден екі бөлмелі пәтер сыйлады. Сондай-ақ, бүгін 1600 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл бір күндік шара емес. Бұған дейін де 3 мыңға жуық отбасы қолдауға ие болған. Кәсіпкерлер мен қайырымды азаматтардың белсенділігі ерекше.

Гүлмира Рахметова, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:  

- Осы қайырымдылық акцияға кәсіпкерлер, мекемелер қолдау көрсетіп жатыр. Осы акция аясында жиналған қаржы тұрмысы төмен отбасылардың мұң-мұқтажына жеткізілетін болады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу